21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс

Жарияланған күні: 06.12.2021


«Almaty Nomad «Саяхатшылар клубы» ҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Медиа дамыту қоры» КҚ қолдауымен 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс өткізеді.
Конкурс жас журналистердің әлеуетін арттыру және қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелері бойынша маңызды журналистік зерттеу және талдамалық жобаларды анықтау арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытының дамуына жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін республикалық, өңірлік БАҚ-тың жас журналистері, штаттық және штаттан тыс, сондай-ақ 21-29 жас аралығындағы жаңа медиа журналистерін шақырамыз.
Конкурстық материалдарды беру 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін Google Forms онлайн-платформасы арқылы қабылданады.
Сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSexCqQeN7kxDZ8aRuNhHozabNA6f8P18SQt6L1YEwhZlzevbQ/viewform?usp=sf_link
Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін almatynomads@gmail.com электрондық поштасына «Конкурс» белгісімен сұраныс жіберу қажет немесе +7 705 915 67 67, +7 705 577 70 80 байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар.