2024 жылғы 9 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №39 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 9 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының «2024-2025 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 11-1-4/75 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының  2024 жылғы 04 маусымдағы № 39 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асырылу мерзіміҰйым атауы
1Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауҚазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (сайлау құқығы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша)орта мерзімді«Актуалды саясат институты» қоғамдық қоры
2Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша)орта мерзімді«National Endowment for Prosperity» қоғамдық қоры
3Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (еңбекті қорғау және кәсіподақ қызметі, бейбіт жиналыстар (қауымдастық) бостандығы, сондай-ақ мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты адам құқықтары мәселелері бойынша)орта мерзімді«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
4Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (бірлестік (қауымдастық) бостандығы, пікір білдіру, сөз және БАҚ бостандығы, сондай-ақ әділ сот құқықтары мәселелері бойынша)орта мерзімді«Төрелік және медиацияның халықаралық палатасы» жеке меншік мекемесі
5Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (азаматтық қоғамды, балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша)орта мерзімді«Бақытты бала» қоғамдық қоры

Документы