2024 жылғы 9 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №40 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 9 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының «2024-2025 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 11-1-4/75 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 04 маусымдағы № 40 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асырылу мерзіміҰйым атауы
1Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуХалықаралық аренада (ҚХР және Англия алаңдарында) Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қамтамасыз етуорта мерзімді«Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі
2Халықаралық аренада (Швейцария алаңдарында) Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қамтамасыз етуорта мерзімді«National Endowment for Prosperity» қоғамдық қоры

Документы