2024 жылғы 8 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №9 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 08 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 01 ақпандағы № 02-03/18 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 9 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асырылу мерзіміҰйым атауы
1.Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуЖергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруқысқа мерзімді«Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
2.Азаматтық бастамаларды қолдауқысқа мерзімді«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
3.Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамытуқысқа мерзімді«Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруқысқа мерзімді«Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігі
5.Сындарлы диалог қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды дамытуқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры

Документы