2022 жылғы арналған Үкіметтік емес ұйымдар Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне
өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 21 ақпанда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 10 ҮЕҰ-дан 10 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 3 ҮЕҰ-дан 3 өтінім, орыс тілінде – 7 ҮЕҰ-дан 7 өтінім келіп түскенін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 24 наурыз Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.
Ағымдағы жылғы 04 сәуірде өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:
1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;
2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;
3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.
Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.
Хабарландырудың 2-тармағына сәйкес мынадай жағдайларда Орталық конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкессіздік;
2) өтінім Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, яғни, тақырыбы, мақсаты, міндеттері, іске асыру мерзімі, қамтитын аумағы, бөлінген қаражат көлемі, іске асырудан күтілетін нәтижесі сәйкес келмесе;
3) заңның 6-1-бабының 3-тармағы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкессіздік.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі мәселені қарастыруды сұраймын:
- Хабарландырудың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы:
№ р/н | № тақы
рып |
Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
Ереженің 28-тармағы (өтініштің бекітілген жоспарға сәйкес келмеуі) | |||||
№ р/н | № тақы
рып |
Тақырыбы | ҮЕҰ атауы | Анықталған сәйкессіздіктер | Ескертпе |
1. | 2 | «Отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру» жобасы | «Шаңырақ» қоғамдық қоры | Жоспарға сәкес келмеуі |
Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 9 ҮЕҰ-дан 9 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім жіберіледі:
пп № | № темы | Тақырып атауы | Өтінімдер саны |
1 | 1 | «Маңғыстау облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы | 2 |
2 | 2 | «Отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру» жобасы | 1 |
3 | 3 | «Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру» жобасы | 2 |
4 | 4 | «Халық арасында патриотизмді қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттауға және бағытталған іс-шараларды жүргізу» жобасы | 2 |
5 | 5 | «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту» жобасы | 2 |
Жобаларды басқару
департаментінің директоры А.Галимова