Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстанда «Демеу» жобасы жүзеге асырыла бастады

ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған 60 шағын грантты беру бойынша конкурстың сарапшылар комиссиясы Қазақстанның ауылдарында заңгерлердің, терапевттердің және психологтардың консультациясын өткізуде жеңімпаздарды анықтады.

«Демеу» әлеуметтік жобасы денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған. Оны жүзеге асыру барысында психологтардан, дәрігер-терапевттерден және заңгерлерден тұратын 60 бастамашыл топ ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандырып, әрбірі үш немесе одан да көп ауылдарда 300 консультация өткізеді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсесінің директоры Жасұлан Бисембиевтың айтуынша, бұл ретте ең алдымен ҮЕҰ-ның әлеуетін мемлекеттік бағдарламаларды ауылдықтарға түсінікті тілде жеткізу науқанына тартуға баса назар аударылып отыр. Ол сонымен бірге ауыл-аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін болады.

WhatsApp Image 2021-10-12 at 12.39.42.jpeg

«Бұл өте маңызды жоба. Оған қоса ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында қойған міндеттермен үйлеседі. Жобаның идеясы неде? Мемлекет ең бірінші кезекте халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауға міндеттелген әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды көбін іске асырып жатыр. Алайда іс жүзінде халық, өкінішке қарай, белгілі бір мемлекеттік бағдарламаға қатыса аларлық өзінің мүмкіндіктері туралы білмейді. Көп жағдайда бағдарламалар «бюрократиялық», іскерлік тілде жазылатындықтан түбі көп адам оларды түсіне бермейді. Сол себепті коммуникацияны жақсартуда, ұғымдық аппаратты көтеруде біз үкіметтік емес сектордың әлеуетін тартудың үлкен мүмкіндігі барына көз жеткіздік. Себебі ҮЕҰ – дәл сол адамдар мен қоғамдық ұйымдар, бірақ олар белсендірек, азаматтар белгілі бір мемлекеттік бағдарламадан таба аларлық әлеуетті түсінікті тілде түсіндіріп бере алады. Себебі мемлекеттік бағдарламалардың орасан көп бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға, агросекторды қоодауға, субсидия алуға, ауылда әртүрлі жобаларды қосымша қаржыландыруға бағытталған. «Демеу» ауылдағы кәсіпкерлік бастамалардың тиімді әрі оңды өсіміне айналар деген сенімдеміз», – дейді Жасұлан Бисембиев.

Сонымен қатар, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсе директорының айтуынша, «Демеу» жобасы денсаулық деңгейіне және ауыл халқының жалпы психологиялық көрсеткіштеріне оң әсер етуі мүмкін.

«Жобаның екінші компоненті медицинамен байланысты. Коронавирус инфекциясы тараған қазіргі күрделі кезеңде адамдар қорғану, вакциналау, шектеу шараларына байланысты мәселелер бөлігінде қажетті консультацияларды алу арқылы өз-өздерін қауіптен қорғай алады. Менің ойымша, бұл консультациялар халықтың денсаулығына оң әсер етеді.

Жобаның тағы бір маңызды бағыттардың бірі – психологиялық денсаулық. Бүгінгі таңда мемлекет те, үкіметтік емес сектор да халықтың психологиялық денсаулығына көбірек назар аударады. Бұл – технологиялық жаһандық дамуда өте маңызды сәт. Әңгіменің бәрі әлеуметтік желілерде айтылады, оффлайн коммуникация азайып кетті, мұның арты жақсы нәтижеге жеткізбеуі мүмкін. Суицидтің, атап айтқанда, балалардың өз-өзіне қол жұмсауының жыл сайынғы, елдегі қылмыстың жиілеуі де содан. Мұның бәрі психология мәселелерімен байланысты тұлғааралық қатынастарға түседі. Біз бұл жоба өзінің оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз», – дейді ол.

«Демеу» жобасымен аз қамтылған азаматтарға материалдық және гуманитарлық көмек көрсету үшін кәсіпкерлерді, қайырымдылық қорларын тарту көзделеді. Жоба 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Жасұлан Бисембиевтың айтуынша, табысты нәтижелерге қол жеткізілген жағдайда болашақта да жобаны жалғастыруға мүмкіндік бар.

«Бұл жобамен біз еліміздің барлық өңірін қамтимыз. Кем дегенде 180 елдімекен қамтылатын болады. «Демеу» іске асырудың белгілі бір нысаны болады, егер сәтті болса, оны жүзеге асыруды АБҚО қызметі шеңберінде жалғастыруға немесе бұл жобаны өңірлік деңгейлерде іске асыруға ұсынуға болады. Бұл жобаны қолдауға мүдделі басқа да ұйымдар болуы мүмкін», – деп атап өтті мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі Жобалық кеңсенің директоры.

«Демеу» жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдакуымен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқанын еске сала кетейік. Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Қазақстанның ауылдарында заңгерлердің, терапевтер мен психологтардың консультацияларын өткізу бойынша гранттар ұтып алған ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың тізімімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтының «Жобалар» бөлімінде танысуға болады.