Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

«Ауылыма кітап» акциясы шеңберінде 2000-ға жуық кітап жиналды

«Ауылыма кітап» акциясы шеңберінде 2000-ға жуық кітап жиналды

Орталық мемлекеттік органдармен ауыл кітапханаларына 2 281 кітап жиналып, жолданды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен Павлодар облысына – 200 кітап;
ҚР Қорғаныс министрлігімен Ақтөбе облысына 260 Кітап тапсырды;
ҚР Сыртқы істер министрлігі және «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ-пен Ақмола облысына – 258 кітап және 62 балалар журналы;
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен Жамбыл облысына – 453 кітап;
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен Солтүстік Қазақстан облысында – 350 кітап;
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен Қызылорда облысына – 200 кітап;
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Қарағанды облысына – 250 кітап;
ҚР Әділет министрлігімен БҚО-ға – 100 кітап;
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысына – 210 кітап.
Акцияның негізгі мақсаты – балалардың пайдалы және қызықты әдебиеттерге қол жетімділігін қамтамасыз ету. Осы акция оларға ерте жастан бастап өзекті оқу материалдары бойынша оқып қана қоймай, сонымен қатар көркем шығармалар арқылы жоғары моральдық және рухани қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
«Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы Отбасы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен іске қосылған. Акция 2021 жылдың 16 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында кітаптарды жинауға және ауылдық кітапханаларға жеткізуге бағытталған.