Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Алматы қаласының ҮЕҰ-на гранттық қаржыландыру тетіктері түсіндірілді

Алматы қаласының ҮЕҰ-на гранттық қаржыландыру тетіктері түсіндірілді

«Ақпараттық-ресурстық орталығы» ҚҚ бүгін «Қазақстанның Үкіметтік Альянсы» ЗТБ-мен бірлесіп Алматы қаласында гранттық қаржыландырудың негізгі тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған онлайн-конференция ұйымдастырды. Диалог алаңының жұмысына Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (АБҚО) Басқарма төрағасы Лима Диас қатысты. Сонымен қатар іс-шараның қатысушылары ретінде Алматының мемлекеттік органдарының өкілдері, қаланың ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, сондай-ақ АБҚО-ның грант алғандар келді.
Іс-шара барысында Л.Диас конференцияға қатысушыларды ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен, грант алудағы қаржыландырудың процедуралары және тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар конференция қатысушыларына ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және жалпы азаматтық секторды дамыту салаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс туралы айтылды.
«Бүгінгі таңда біз ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 51 жобаның операторы саналамыз. Жобалар жастарды, отбасыларды, волонтерлік қызметтерді қолдауға бағытталған. Қазір біз гранттарды беру туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл өз кезегінде басқа министрліктерге өзінің гранттық жобаларын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өз тарапынан жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде өзінің жобаларын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру тетігі арқылы жүзеге асыра алады. АБҚО арқылы жобаларды жүзеге асыру жобалардың барынша нәтижелі әрі ашық орындалуын қамтамасыз етеді. Алматы әкімдігі азаматтық сектормен тиімді іс-қимыл жасау үшін бізбен серіктестікке мүдделі болар деген үміттеміз», – деп атап өтті Л.Диас.
Диалог алаңы жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар Алматы қаласы бойынша гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Аталған ұсыныстартар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.