Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрайымы Лима Диастың дипломатиялық корпус алдында сөйлеген сөзі

17 қыркүйекте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін мәселелері бойынша дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифинг аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру шаралары туралы баяндама жасады.

Шара ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің конференц-залында өтті.
Оның жұмысына таяу және алыс шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатысты. Олардың 30-ға жуығы баяндамашыларды офлайн-форматта тыңдады.

Лима Диастың атап өткендей, Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды ұсыну және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл механизмін жетілдіру.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – Үкімет, азаматтық қоғам және донорлық ұйымдар арасындағы байланыстырушы буын. Біз бар күш-жігеріміз бен ресурстарымызды шоғырландыру арқылы ғана маңызды өзгерістерге қол жеткізіп, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра аламыз деп сенеміз», – деді ол.

Сондай-ақ, ол Орталық жергілікті және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
«Біз шетелдік және жергілікті мемлекеттік мекемелермен немесе жеке ұйымдармен ынтымақтастық аясында қазақстандық ҮЕҰ-ға арналған гранттық бағдарламалардың іске асырылуын асыға күтеміз. Шетелдік және халықаралық ұйымдарды тарта отырып, мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландыру арқылы орталық іске асыратын ТДМ-ға қол жеткізу үшін мемлекеттік гранттық жобаларды қоса қаржыландыру туралы мәселені қарауға мүдделіміз. Бұдан бөлек, біз үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында гранттық қаржыландыру рәсімін жетілдіру және азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылау үшін жергілікті және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, диалог платформасын ұсынуға дайынбыз», – деді Лима Диас.

Айта кетейік, аталған іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысымен танысу.