Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстанда ауыл кітапханаларын толықтыру бойынша акция басталды

Қазақстанда Отбасы күні қарсаңында ауыл кітапханаларын кітап қорымен толықтыру бойынша «Ауылыма кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ пен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтын зерттеу бойынша орталық ұйымдастырып отыр.

Акция 16 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жалғасады: дәл осы аралықта ауыл кітапханаларына кітапты жинау және жеткізу жұмыстары атқарылады. Акциямен Қазақстанның барлық аймағын қамту көзделген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін ілгерілету және ауыл мектептерінің кітапханалық қорын кеңейту жолымен жекелеген елдімекендердегі өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-өнегелік бағдарын қалыптастыру.

«Акцияға қатысуға бастамашыл топтарды, коммерциялық ұйымдарды және ауыл-аймақтағы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бей-жай қарай алмайтын барлық адамды шақырамыз. Ол үшін өз қалаңызда өзіңізге жақын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне кітапты жинап, жеткізіп берсеңіз болғаны», – дейді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас.

Орталықтан хабарланғандай, жиналып, ауыл кітапханаларына берілетін кітаптардың көбі заманға сай балалар және жастар әдебиетіне жатады. Кітаптар қағаз жүзінде де, электронды түрде де қабылдана береді. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге арналған үстел ойындарын қосымша ұсынуға болады.

Аймақтар бойынша кеңселердің байланыс нөмірлері: https://kipd.kz/ru/regionalnye-proektnye-ofisy
Электронды форматтағы кітаптарды мына поштаға жолдауға болады: jakupova@cisc.kz