Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында семинар

Кеше, 19 тамызда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Спикер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағарту штабының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының астаналық «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов сөз сөйледі.
Аталған іс-шара барысында спикер семинарға қатысушыларға «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды Қазақстанның және Сингапур, Финляндия және Швеция сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибесімен таныстырды. Сондай-ақ, спикер «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі және мемлекеттік, квазимемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Кездесу барысында Орталық қызметкерлері диалогқа белсенді қатыса отырып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға түсініктемелер алды.
«Егер әрбір азамат жасына, қызметіне, біліміне қарамастан адалдық, парасаттылық, сатылмаушылық қағидаттарын ұстанатын болса, онда біз шын мәнінде таза қоғамға – сыбайлас жемқорлықсыз қоғамға келе аламыз!»,- деп қорытындылады Шыңғысхан Қожахметов.