Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қайырымды істер марафоны: Осакаровкадағы көпбалалы отбасына баспана тарту етілді

«Айдың нұры» қайырымдылық қоры Қарағанды облысының Осакаровка кентінде көпбалалы Самихаан отбасына үй сыйлады.

Көпбалалы отбасы Осакаровкаға Ақбұлақ ауылынан көшіп келген. Ауылда жеке тұрғын үйінің жоқтығынан бірнеше жыл бойы ерлі-зайыпты Самихаандар алты баласымен бірге туыстарының үйін паналаған. Отбасының ауыр материалдық жағдайын біліп, «Айдың нұры» қайырымдылық қоры оларға үй сыйлауды шешті. Сонымен бірге, Самихаандар отбасы сыйлық туралы білмеді. Олар үшін бұл нағыз тосын сый болды.

«Бізге тұрғын үй сатып алуға көмектескені үшін өте қуаныштымыз және шексіз ризамыз. Мен тұрғын үй алуға кезекте тұрмаймын, себебі бұрын бізде меншік құқығында ауылда үй болған. Осакаровкаға көшкеннен кейін бірнеше жыл біз туыстарымызбен тұрдық. Біз үшін жеке тұрғын үй – бақыт. Сене алар емеспін. Біз өте қуаныштымыз!», – дейді Нұргүл Самихаан.

Нұргүлдің үлкен қызы 15 жаста, ал ең кенжесі үш айлық. Анасына қарағанда, баспаналы болғанына балалар көбірек куануда. Олар ата-анасымен бірге көшуге дайындалып жатыр.

«Айдың нұры» қоры мұқтаж жандарға 2020 жылдың наурыз айынан бастап көмек көрсетуде. Оның негізін қалаушы әрі төрайымы – белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің кавалері Айнұр Тұрсынбаева.

«Біздің мақсатымыз – қыс келгенге дейін мұқтаж адамдарға өз баспаналарын табуға көмектесу. Бүгінде мұндай адамдар өте көп. Біз әр отбасының қаржылық мүмкіндіктерін толық зерттейміз. Міне, үйдің кілтін Самихаан отбасына табыстадық. Бұл көп балалы және мұқтаж отбасыларға берген 87-ші үй», – деді Қор директоры Мөлдір Ақылбекова.

Белсенді аймақтардың үштігіне кіретін Қарағанды облысында «Қайырымды істер марафоны» жобасы басталғалы бері 2000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, қолдауға ие болды. Бұл ретте қайырымдылық қорлары ғана емес, волонтерлік бірлестіктер, ШОБ-та, жай ғана азаматтар да белсенді түрде атсалысуда. Өткен аптада ғана олар мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындау, дәрі-дәрмек пен киім-кешек сатып алу, тегін нан таратып, басқа да игі істер үшін қаражат жинады.

Мәселен, мұндай волонтерлік қозғалысты дамытуға барынша назар аударылады: бүгінгі таңда облыста 97 волонтерлік топ пен ұйым бар, оған 7 мыңға тарта тұрғын тартылған.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаға қатысушылар жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғамдастық құруға күш салады, себебі бұл қасиеттер қоғам мен адамдардың өмірі мен қоғамды оң жағынан өзгертуге мүмкіндік беретін әрекеттерге алып келеді. Алда өткізілетін және өткізілген акциялар, сонымен қатар алдағы іс-шаралар мен конкурстар туралы жаңалықтар мен аңдатпалар жайлы ақпаратты «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының qim.kz сайтынан көруге болады. Марафонға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін өзінің жақсы істерін әлеуметтік желілерде #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегімен жариялауы керек.