Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

ҚР АҚДМ сарапшыларды ҮЕҰ сыйлықақысының өтінімдерін қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіруге шақырады

2021 жылғы 1 қыркүйекте,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдардан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтайды.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда ҮЕҰ өтінімдерін қарау үшін ҮЕҰ, БАҚ, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін (1-кезең) әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылуда:

білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
қоршаған ортаны қорғау;
жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
мәдениет пен өнерді дамыту;
тарихи-мәдени мұраны қорғау;
қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.
Жұмыс тобына келесі тұлғалар өз кандидатураларын ұсына алады:

ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері;
жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі барлар;
жоғары білімі және / немесе ғылыми дәрежесі бар азаматтар;
ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға үміткер емес тұлғалар.
Барлық кандидатуралар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі және мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан қаралатын болады.
Жұмыс тобы мүшелерінің өтінімдерді қарастыруы ағымдағы жылғы 10-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.;
Сарапшылардың жұмысына ақы төленбейді және қоғамдық негізде жүргізіледі;
Жұмыс тобы сарапшыларының қорытынды бағалары бұдан әрі комиссияның қорытынды отырысында қаралатын болады (2-кезең).
Егер Сіз белсенді азаматтық ұстанымға ие болсаңыз және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсенің, біз сізді келесі құжаттарды ұсына отырып, қатысуға шақырамыз:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- бағыт бойынша сарапшының біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері;

- жұмыс берушінің қолы қойылған, мөрмен бекітілген үміткердің еңбек өтілін растайтын түйіндеме.

Барлық құжаттарды бағытты көрсете отырып ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды (техникалық ақауларды болдырмау мақсатында құжаттарды жолдағаннан кейін бізбен хабарласуды) сұраймыз

Толық ақпаратты келесі номерлер бойынша білуге болады:

+7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 05 11,

+7 (705) 101 59 05,

+7 (702) 376 84 00,

+7 (702) 714 63 24.

 

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.