Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Жоба арқасында ата-аналардың ой-пікірлері мен көзқарастарын жақсы жаққа қарай өзгерте бастағанымызға сенімдімін» – Венера Коканова

«Жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» республикалық жобасының жобалау тобы өз білімдерімен бөлісу үшін облыстық деңгейдегі жаттықтырушыларды оқытуға дайындалуда. Тренингтер онлайн режимінде 20-30 тамыз күндері аралығында республиканың барлық өңірлерінде өтеді.

Сертификатталған жаттықтырушы Венера Коканова кәсіби мамандарды оқытуға дайындық кезінде 9-25 маусымда өткен ата-аналармен болған тренингтер туралы өз әсерімен бөлісті:
«Жоба арқасында ата-аналардың ой-пікірлері мен көзқарастарын жақсы жаққа қарай өзгерте бастағанымызға сенімдімін. Біз, жаттықтырушылар, жергілікті жерде жұмыс істей отырып, ата-аналармен бірге жағдайды жақсы түсініп, талдай бастаймыз. Талдау мен нақты бағдарлама болған жағдайда ғана бірлескен жұмыс өз нәтижесін береді.
Бірақ, өкінішке орай, бір жоба аясында біз жасөспірімдердің суицидтерін толығымен өзгерте алмаймыз. Бұл көп уақытты талап етеді, өйткені суицид – бұл жеке адамдар емес, бұл жалпы қоғамдық проблема.
Жоба аясында елімізде алғаш рет «Қазақстан жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау атласы» және «жас адамның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқат индексі»құрылады. Бұл құралдар мәселені терең зерттейтін кәсіби психологтарға көмектеседі».

Естеріңізге сала кетейік, жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ жүзеге асырады.