Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Мемлекеттік грантын іске асыру шеңберінде шағын гранттар беру бойынша қайта конкурс жарияланды.

Құрметті ҮЕҰ өкілдері!
«Atamnyn Аmanaty» қоғамдық бірлестігі «Ардагерлер ұйымдарының бастамаларын қолдау» мемлекеттік грантын іске асыру шеңберінде шағын гранттар беру бойынша қайта конкурс жариялады.
Конкурстың негізгі мақсаты-ардагерлер ұйымдарының даму бастамаларына қолдау және көмек көрсету, әлеуметтік жобаларды іске асыру және әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу арқылы әлеуметтік саладағы жұмыс дағдыларын арттыру.
Байқаудың міндеттері:
– ардагерлер ұйымдарының қызметін дәріптеу;
– қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру;
– әлеуметтік жобаларды іске асыру саласында ардагерлер ұйымдарының кәсіби және жеке дамуына ықпал ету;
– ардагерлер ұйымдарын қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту.
Байқауға келесі критерийлерге сәйкес ардагерлер ұйымдары қатыса алады:
– ұйым ҮЕҰ дерекқорында тіркелуі тиіс;
– ұйым жосықсыз өнім берушілер тізілімінде, сондай-ақ мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған дәрменсіз (банкрот) деп танылған тарату процесінде болмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші 2021 жылғы 25 шілде сағат 18.00-ге дейін «Atamnyn Amanaty» ҚБ-ға конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкес қазақ немесе орыс тілінде өтінім ұсынуы тиіс.
Белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер қарамалмайды.
Конкурс нәтижелері 2021 жылғы 31 шілдеде «Atamnyn Amanaty» ҚБ ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланатын болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 7(776)828-45-35.
Конкурс туралы ереже төменде көрсетілген сілтеме бойынша жарияланды: https://www.facebook.com/groups/atamnyn.amanaty/permalink/532441374767948/.
Шағын гранттар байқауы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткізілуде.