Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстанның 4 өңірінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін Community орталықтары өз жұмысын жалғастыруда

Қазақстанның 4 өңірінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін Community орталықтары өз жұмысын жалғастыруда.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру аясында Қазақстанның 4 өңірінде құрылған Community орталығы халыққа 227 мәрте консультация ұйымдастырды.
Орталықтардың қызметі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту моделін құруға бағытталған. Олардың базасында жергілікті сарапшылар (оффлайн және онлайн) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша консультациялар берді.
«Тұрғындар шешім қабылдау процесіне қатысу мәселелері бойынша кеңес алу үшін орталықтарға жүгінеді: жиналыстарды, жергілікті қоғамдастық жиындарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіру, жергілікті өзін – өзі басқару жөніндегі НҚА түсіндіру және басқалар», – деп хабарлайды жоба үйлестірушісі Гүлден Әубәкірова.
Community орталықтары Қазақстанның Ақтөбе, Жамбыл, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді.
Бұдан басқа, Community орталықтар базасында «жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыруға жергілікті қоғамдастықты тарту» және «әлеуметтік жобаны әзірлеу»тақырыптары бойынша 8 семинар өткізілді.
Семинар жұмысына жергілікті қауымдастық мүшелері, ауыл әкімдері, ҮЕҰ, бастамашыл топтар және басқа да белсенді азаматтар қатысты. Олардың барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, атап айтқанда, халықты шешім қабылдау процесіне тарту тетіктері, заңнамалық нормалар, жобаларды басқару процестері, фандрайзинг және т. б. мәселелер талқыланды.
«Семинарлар аяқталғаннан кейін кері байланыс сауалнамалары өткізілді, оның қорытындысы бойынша қатысушылардың семинарларды бағалауының орташа балы 5 – тен 4,6-ны құрады», – деп хабарлайды семинарларды ұйымдастырушылар.
Орталықтар «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» гранттық жобасы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ күшімен іске қосылды.
Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Гүлден Әубәкіроваға хабарласыңыз: gamo_aktau@mail.ru, camokz.05@gmail.com тел. / факс +7 (7292) 31 00 68; +7 778 838 68 75.