Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстанда интернетке, құмар ойындарға және кибербуллингке тәуелді өңір анықталады

Биылғы жылдың шілде және қазан айлары аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымы Қазақстандағы жастар мен балалар арасында интернетке, құмар ойындар мен кибербуллингке тәуелділік деңгейінің көрсеткіші жоғары өңірлерді анықтау бойынша фокус-топтық жұмыс жүргізеді.
Қатысушылар бес санатқа бөлінеді: «ауыл мектептерінің оқушылары», «қала мектептерінің оқушылары», «ауыл жастары», «қала жастары» және «жұмыссыз жастар».
«Өткізілген іс – шаралардың қорытындысы бойынша біз еліміздің қай өңірлерінде Интернетке, құмар ойындарға және кибербуллингке тәуелділік жоғары екендігін айтып беретін таныстырылым өткіземіз», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Талқылау Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.