Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Батыс Қазақстан облысының «Болашақ» КҚ Алматы қаласының жастары үшін TEDx өткізді

9 шілдеде Батыс Қазақстан облысының «Болашақ» Корпоративтік қоры Алматы қаласының білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарымен (NEET санат) TEDx форматында кездесу өткізді.
Іс-шараның спикерлері Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының проректоры Бекбол Рамазан, «SRM MediaProductions» негізін қалаушы Болат Сырымов және HR маманы Жанна Әбдікәрімова болды.
Кездесу барысында спикерлер болашақтың мамандықтары туралы және бүгінгі күні белсенді дамып келе жатқан салалар туралы; арт, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі; жастарды кәсіпкерлік қызметке үйрету, кәсіпкердің қажетті дағдылары туралы айтты.
«Іс-шара барысында спикерлер soft-skills, коммуникация және кәсіпкерлікті дамытудағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай еркін түрдегі іс-шаралар жастар үшін қызықты әрі пайдалы деп санаймын. Сонымен қатар, жоба LIFESKILLS-тің «сұхбатқа қалай дайындалу керек?», «Жұмысқа орналасу және жеке бренд», «Жобаларды басқару», «Soft-skills және оларды дамыту әдістері», «Коммуникация дағдылары мен біліктері» онлайн-тренингтері», – деді Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының жетекшісі Салтанат Тұманбаева.
Оның айтуынша, осындай TEDx кездесулерін Нұр-сұлтан және Орал қалаларында өткізу жоспарланған.
Іс-шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ашық аспан астында өтті.
TЕDx форматындағы кездесу ҚР АҚДМ қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты шеңберінде Батыс қазақстан облысының «Болашақ» корпоративтік қорының «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру шараларын (NEET санат) әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде өтті.