Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстанда жас жұптардың психоэмоционалдық жағдайына тегін талдау жүргізіледі

«EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау» жобасын іске асыру аясында, отбасын құрғысы келетін жастарға тегін кеңес береді.

Көрсетілетін қызметтер пакетіне жұптың психоэмоционалды жағдайын талдау кіреді. Консультацияларды психологтар, коучтер және медиаторлар жүргізеді.

Мамандардың кеңесі беруі ажырасу алдында тұрған жас отбасылар үшін де пайдалы болады.

«Біз ажырасудың негізгі себебін және мүмкін болатын қолайлы шешімдерді түсінуге көмектесеміз. Тестілеу мен кеңес беру тек құпиялылық шарттарын сақтауды ескере отырып жүргізіледі», – деп «EN BAQYTTY EL»ҚҚ ұсынады.

Жас жұптарға арналған тегін кеңестер, қашықтықтан онлайн форматта алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі: 8777 225 27 56 (Жұлдыз).

«Егер сіздің өміріңізде осы мәселеге қатысты қиындықтар  болса -қоңырау шалыңыз, сұрақтар қойыңыз, кеңес алуға жазылыңыз. Отбасылық және бала-ата-ана қатынастары саласындағы мамандар қиын жағдайдан шығуға көмектеседі», – деп хабарлайды қоғамдық қор.

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау жөніндегі жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылады.