Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

«Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды

Құрметті отандық ҮЕҰ өкілдері!

 

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.

Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.

 

«Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды:

  • Инклюзивті қоғамды құруға және дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау.

Жобаның мақсаты: Инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу. Осал топтардың стигматизация деңгейін төмендету. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге теңдігі, мүмкіндіктері және белсенді қатысуы мәселелері жөніндегі диалог үшін платформа ұсыну.

  • Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу.

Жобаның мақсаты: Жастардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру. Жастардың қоғамдағы мінез-құлықтың жалпыадамзаттық қағидаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру: этика, мәдени канондар. Жастардың Қазақстан заңнамасының негіздерін білуін арттыру. Жастармен жүйелі және сапалы тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бойынша отбасының, білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіру. Жастар арасында Қазақстанның құндылықтары мен мәдени дәстүрлерін насихаттау. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша олармен жұмыс істеу тетіктері мен әдістерін жетілдіру

«Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.