Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Қазақстан мен Ресей азаматтық бастамалар саласындағы қарым-қатынасты нығайтуда

Бүгін, 15 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас Стратегиялық бастамалар агенттігінің «Жас кәсіпқойлар» бағытының директоры Дмитрий Песковпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою «QAYNAR BULAQ – Алматының қайнар бұлағы» бірінші халықаралық кеңістігінің ашылу форумының алаңында өтті.

Орталық пен агенттік арасындағы меморандумның мақсаты- Қызметі әлеуметтік маңызы бар бастамаларды ілгерілетуге бағытталған елдердің ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту және достық байланыстарды дамыту.

Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі- Ресей Федерациясының Үкіметі экономикалық және әлеуметтік салалардағы шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында, атап айтқанда, әлеуметтік жобаларды жандандыру, кәсіби кадрларды дамыту және т.б. үшін 2011 жылғы 11 тамызда құрған ресейлік автономды коммерциялық емес ұйым. Ұйымның бақылау кеңесінің Төрағасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.