Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің және АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының жұртшылықпен байланыс бөлімдері (PAS) гранттық бағдарламаны ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің және Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдері (PAS) Makerspace Expands! мемлекеттік-жекешелік әріптестігі шеңберінде Kazakhstan American Spaces және Makerspaces желілері арқылы ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика (STEAM) саласындағы қызметке қолжетімділікті кеңейту үшін коммерциялық емес ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, талдау орталықтарына және академиялық мекемелерге қаржылық қолдау көрсету үшін гранттық бағдарлама ұсынады

 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы PAS төменде көрсетілген бір немесе бірнеше мақсаттарға бағдарланған 120 000 АҚШ долларына дейінгі жобалар бойынша ұсыныстарға ашық:

 

  1. Тәлімгерлік, тренингтер және басқа да іс-шаралар аясында қатысушылардың STEAM арқылы мәселелерді шешу қабілетін арттыру;
  2. Сабақтар шеңберінде STEAM оқытуды енгізу/ біріктіру үшін оқытушылардың әлеуетін арттыру;
  3. STEAM және бизнес дағдыларын қамтитын инновациялық бағдарламалар арқылы «Maker» қауымдастығы мен шығармашылық индустрияны қолдау.

 

Ұсынылған жобалар алты ай немесе одан кем уақыт ішінде жүзеге асырылуы керек.

 

Байқау мақсаты: Жастарды сұранысқа ие техникалық және STEAM дағдыларына оқыту арқылы Қазақстандағы экономикалық дамуды қолдау.

 

Байқау шарттары:

  • Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің Қоғаммен байланыс бөлімі АҚШ пен Қазақстанда тіркелген кемінде бір жыл бағдарламалау саласында тәжірибесі бар коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтық қоғам ұйымдарынан / үкіметтік емес ұйымдардан және оқу орындарынан өтініштер қабылдайды. Бұл тәжірибе өтінімде құжатпен расталуы қажет.

 

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2021 жылдың 26 маусымы

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.grants.gov/web/grants/search-grants.html?keywords=DOS-KAZ-ALM-PAS-21-011