Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды,- деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Конкурс 12 бағыт және 22 тақырып бойынша жарияланды, олардың ішінде қоғамда волонтерлікті насихаттау және танымал етуге бағытталған «Birgemiz» жалпыұлттық алты жобаны атап өтуге болады. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша «Тарих ақтаңдақтары»жобасы да маңызға ие.

ҮЕҰ-ға арналған гранттар Азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында беріледі.

Мемлекеттік гранттар беру конкурсына ҮЕҰ дерекқорында бар ҮЕҰ қатыса алады.

Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі, оның ішінде конкурсқа қатысуға өтінімге қойылатын талаптар үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

Конкурстың тақырыптарымен және толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://cisc.kz/2021/06/04/uekimettik-emes-ujymdar-ueshin-memlekettik-granttar-berwge-konkwrs-zhariyalajmyz/.

Мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=7-y2hlewhsI.

Өтінімнің ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкестік чек-парағымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://cisc.kz/vopros-otvet/.

Өтінімдер 2021 жылдың 2 шілдесі сағат 18:30-ға дейін қабылданады.