Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

«Fashion Girls in Business» жобасы қатысушыларының Қазақстанның табысты әйелдерімен кезекті мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін, 19 мамырда «Fashion Girls in Business» жобасы қатысушыларының Қазақстанның табысты әйелдерімен кезекті мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды. Осы аптадағы бейресми кездесудің қонақтары Еуразиялық дизайнерлер Одағының өкілдері – Майя Темірболатова мен Гүлнар Жүнісова.
Майя Темірболатова – көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар дизайнер, сонымен қатар Нұр-сұлтан қаласындағы «Кәсіптік-техникалық колледж» КММ тігін өндірісі бойынша шебері. Гүлнар Жүнісова да дизайнер және «Іңкәр Сезім «ЭТНО-студиясы» ҚҚ басқарады. Еуразиялық Дизайнерлер одағының белсенді мүшелігіндегі екі қонақ та Қазақстандағы дизайн саласындағы жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, қонақтар сән трендтері мен қосымша білім беру сияқты бастаушы дизайнерлердің идеяларын жүзеге асыру бойынша практикалық кеңестерімен бөліседі. Кездесу барысында қыздар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алады.