Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Отбасылық ағаш отырғызыңыз!

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жүріп жатқан «Отбасылық ағаш отырғыз» акциясы Нұр-сұлтан қаласының №59 мектеп-лицейінің аумағында өтті.
Іс-шара Халықаралық Отбасы күніне орайластырылған және «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорының «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау»жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған.
Ағаш отырғызу акциясына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің отбасылық саясат басқармасының басшысы Азамат Белкайров, оқу орнының басшылығы, «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорының және азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері, сондай-ақ елорданың 30 жас отбасы қатысты.
«Біз таза ауамен дем алғымыз келеді, сондықтан мұндай акциялар қажет, және тағы бір отбасылық дәстүр пайда болды. Біздің отырғызған ағаштарымыз балалармен бірге өседі деп ойлаймын», – деді №59 мектеп директоры Алма Жұмабекова.
«EN BAQYTTY El» ҚҚ директоры Камиля Сүлейменова өз сөзінде жас отбасыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы осындай іс – шаралардың үлкен рөлін атап өтті: «Ағаш отырғызу дәстүрінің тамыры терең-ағаш отырғызу үйлену тойы, баланың тууы және басқа да оқиғалардың жаңа бастамасы мен сүйемелденуін білдіреді. Біздің айналамыздағы әлемге мейірімді, ұқыпты қарау мысалында балаларымызды тәрбиелеуден де маңызды?».
Сонымен қатар, осындай іс-шара Нұр-сұлтан қаласының № 75 мектеп-гимназиясында да ұйымдастырылып, оған 40-тан астам жас отбасы қатысты.
Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен және Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен іске асырылуда.