Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Мұсағали Дуамбеков атындағы Аллея мен мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтеді

Ертең, 10 мамыр сағат 11: 00-де Нұр-Сұлтан қаласының саябағында (Панфилов көшесіндегі « Городской Романс» ТК-не қарама-қарсы) Мұсағали Дуамбеков атындағы Аллея мен мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтеді.
Саяси қайраткер туралы естелік іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, үкіметтік емес ұйымдардың, жалпы білім беру мекемелерінің өкілдері және басқалар қатысады.
Айта кетейік, Мұсағали Дуамбеков «Халықаралық экология академиясы» мекемесінің, «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қорының, «Экологиялық таза өнім өндірушілердің халықаралық қауымдастығы» ЗТБ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет» ҚҚ негізін қалаушы, «Экология. Экологиялық таза өнім, технология және қызметтер» стандарттау жөніндегі ұлттық техникалық комитетінің (ТК-№ 60) төрағасы болған. 200-ден астам жарияланым, 10 монография, 15 оқулық жазды, 3 өнертабыс ашты, 8 патенттің иесі болды.
Аллеяның ашылуын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық экология академиясының президенті Абдуалиева Айгүл Кадесқызы және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Сағадибекқызы Соловьеваның жетекшілігімен өткізеді.