Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті

Бүгін «Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу» және «Өмірде қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» тақырыптары бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Конкурстық комиссия мүшелеріне 12 өтінім қарауға жіберіліп, өтінімдерді 16 сарапшы қарады.
Конкурстық комиссия отырысының жұмысын «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тәуелсіз бақылаушысы Сәулет Әбуов бақылап отырды. Сондай-ақ, отырыс онлайн форматта Орталықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді, отырыс барысын жүзден астам көрермен тамашалады.
Қалған төрт тақырып бойынша сараптама комиссиясының отырысы жақын арада өтеді.
Байқау нәтижелерімен сараптама комиссиясының хаттамасынан үзінді көшірмеде танысуға болады.