Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында гранттық конкурстың басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы

Құрметті достар, ертең 5 мамырда, сағат 16.00-де «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеу» республикалық жобасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлер арасында гранттық конкурстың басталуына арналған онлайн баспасөз-конференциясы өтеді. Жоба «Әлеуметтік талдау және серіктестік орталығы» қоғамдық қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асыруда.
Конференцияға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Басқарма төрағасы Лима Диас, жоба үйлестірушісі Алма Қонарова, жоба сарапшысы Константин Ковтунец, Green TAL әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Әскеров қатысады.
Сарапшылар жоба аясында Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жүргізілген қолданбалы зерттеу нәтижелерімен таныстырады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында спикерлер ҮЕҰ әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларының гранттық конкурсының басталғаны туралы жариялайды. Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалары бар 20 ҮЕҰ-ға өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден шағын гранттар беріледі. Бұл жобалардың кем дегенде 30% – ы жергілікті деңгейде қолдау табады, ал жобаларда мүгедектігі бар немесе басқа да әлсіз топтардағы адамдар жұмысқа орналастырылады деп жоспарлануда.
Іс-шараның трансляциясы ұйымның https://www.facebook.com/cspaalmaty және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы https://www.facebook.com/cisc.kz. Facebook парақшаларында көрсетіледі.
Байланыс: e-mail: CSPA-2013@yandex.com; +7 (777) 317 2544 (жобаның PR-маманы).