Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Құрметті ҮЕҰ өкілдері!

АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы «Go Viral Network & Festival» бағдарламасы бойынша 500 000-нан 600 000 АҚШ долларына дейін грант беруге конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Орталық Азиядағы инновациялық және идеялық көшбасшылардың жаңа буыны арасында тығыз серіктестік қатынастарды құру және нығайту. Осы арқылы Орталық Азиядағы аймақтық байланыстарды арттыра отырып, экономикалық дамуды және азаматтық қоғамды нығайтуды қолдау.
Байқаудың міндеттері:
Орталық Азия бойынша және халықаралық деңгейде кәсіби мамандардың желісі мен ынтымақтастығын кеңейтуге ықпал ететін GoViral мүшелері арасында белсенді қоғамдастық құру. Сондай-ақ Орталық Азияның ірі қалаларында өткізілетін іс-шаралар санын ұлғайту.
2) Go Viral қатысушыларының бизнеске, БАҚ-қа, мәдениетке, технологияға немесе әлеуметтік мәселелерге қатысты сындарлы, «вирустық» мазмұнды желінің негізгі мүшелері, кеңесшілер және/немесе жаттықтырушылар ретінде әрекет ете алатын әлеуметтік медиа-инфлюенсерлерді және SMM маркетинг сарапшыларын тарта отырып қабілетін арттыру;
3) Go Viral қатысушылары мен брендінің беделін арттыратын және инновацияны шабыттандыратын мазмұнды құру және кеңейту;
4) Go Viral желісінің қатысушыларын Орталық Азия, Америка Құрама Штаттары мен Шығыс Еуропаның жетекші инноваторларының қатысуымен өтетін өңірлік және елдік серпінді фестивальдердің көмегімен біріктіру.
Конкурсқа коммерциялық ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері/үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық үкіметаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер қатыса алады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі 2021 жылғы 7 маусымы
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.grants.gov/web/grants/view-opportunity.html?oppId=333048
Go Viral Festival & Network: бұл Техас штатының Остин қаласындағы SXSW фестивалінен шабыт алған аймақтық бастама, ол аймақтық пікір жетекшілері, жаңашылдар мен шығармашылық адамдар арасында идеялар алмасу және олардың мақсаттарына жетуге көмектесу, сондай-ақ олар үшін маңызды мәселелерді шешуге байланыс орнатуға және қолдауға көмектесетін қауымдастықтар.
Go Viral-бұл АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның тренд-сеттерлерінің медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы дәрістерін, воркшоптарын, панельдік пікірталастарын, фильмдерін, музыкалық қойылымдары мен басқа да іс-шараларын қамтитын фестиваль және бірқатар іс-шаралар.