Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Fashion Girls in Business» жобасының қатысушылары тренингтердің екінші сериясын аяқтады

Нұр-Сұлтан қаласының колледждерінде оқитын студент-қыздарға арналған «Кәсіпкерлік негіздері: бизнесті жоспарлау және сату» курсы бойынша тренингтердің екінші кезеңі аяқталды.
Кәсіпкерлік негіздері сабағында курс тренері Эмин Аскеров бизнес-процестерді құру, бәсекеге қабілетті идеяларды іздеу және заманауи құралдар мен тәсілдерді пайдалану арқылы сату технологияларын енгізу бойынша қатысушылардың біліктілігін арттырумен айналысты.
Сабақ барысында қыздар табысты бизнес-жоба құрудың негізгі түсініктерін зерделеп, бизнес құру кезеңдерінің алгоритмімен танысты.
Қазір жобаға қатысушылар «Сән тарихы, соның ішінде американдық сән» курсы бойынша оқуды бастайды. Курс жаттықтырушысы «TSE Art Destination» галереясының арт-директоры Бауыржан Сағиев.
Естеріңізге сала кетейік, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асырып келеді.