Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Жастар арасында репродуктивті денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасының басталуына арналған баспасөз-конференциясы

Құрметті достар!
Ертең, 20 сәуір, сағат 12: 00-де онлайн режимінде «JANYM» ҚБ-нің «Жастар арасында репродуктивті денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасының басталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрайымы Лима Диас, «JANYM» ҚБ атқарушы директоры Наталья Клюжина, сондай-ақ жыныстық және репродуктивті денсаулық, акушерия және гинекология мамандары мен басқа да сарапшылар қатысады.
Іс-шара барысында жобаның мақсаттары мен міндеттері, сан мен сапа көрсеткіштері және қоғамға әлеуметтік әсері таныстырылады.
Спикерлер жоба аясында ҚР жастары арасындағы репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша 5 000 жасқа консультациялық және уақтылы көмек көрсету, 8 800 004 05 40 колл-орталығының жұмысы мен қолданылатын консультациялық әдістері туралы, тақырып бойынша жүгінген жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен коммуникация қызметтерінде ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу, сондай-ақ емшек сүтінің нәрестеге пайдасын түсіндіру мен босанғаннан кейін қалпына келу дағдыларын меңгерген жас аналарды қамту туралы әңгімелейді.
Іс-шараның трансляциясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook парақшасында көрсетіледі.