Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мүддесіндегі бірлік пен әріптестіктің 30 жылы

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мүддесіндегі бірлік пен әріптестіктің 30 жылы» әлеуметтік жобалардың бірінші форумының ақпараттық серіктесі болды.
Іс-шара 22 сәуір күні, сағат 10.00 – де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұражайында өтеді.
Форум жұмысы онлайн-режимде өтеді және екі күнге созылады (22-23 сәуір).
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әр бағыттағы ұйымдардың басын қосуға қатысты бастаманы қолға алды.
Форумның басты серіктістігі – Eurasian Resources Group (ERG), КЕҰ (Коммерциялық емес ұйымдар) арасында аймақтық қолдау көрсеткен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.
Форумға қазақстандық және халықаралық спикерлер – КЕҰ, мемлекетік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғам қайраткерлері, бренд-көшбасшылар, халықаралық және қайырымдылық ұйымдар, азаматтық белсенділер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және басқалар бар.
Форум қатысушылары мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның тұрақты дамуға қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік салаға жауапты бизнес жүргізу және басқа да өзекті мәселелерді қозғайды. Форум жұмысы аясында басты назар бірлескен бастамалар, серіктестік жобалары және ықтимал ынтымақтастықтың басты бағыттарын іздеуге бағытталады..
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі аясында 17 аймақтан келген 200-ден астам ұсыныстың арасынан комиссия іріктеп алған 50 жоба таныстырылады. Озық шыққан жобалар 23 ақпанда Форум кезінде аталып, идеяны жүзеге асыру немесе ары қарай жетілдіру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты беріледі.
Форумның Онлайн көрсетілімі сайтта жүргізілетін болады https://fsp-fnn.kz/ru/.