Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

2021 жылғы 5 наурыздағы қайта конкурстың алдын ала қорытындылары жарияланды

Құрметті достар!
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2021 жылғы 5 наурыздағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстың бірінші этап қорытындылары туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша: 45 ҮЕҰ – нан 60 өтінім келіп түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 6 ҮЕҰ-нан 7 өтінім, орыс тілінде-39 ҮЕҰ-нан 53 өтінім.
Өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру бойынша Қағиданың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру жұмысы жүргізілді, нәтижесінде осы конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 6 тақырып бойынша 28 ҮЕҰ-нан 38 өтінім жіберілді. 22 өтінім сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.
Бұл туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыз: https://cisc.kz/2021/04/16/2021-zhylghy-5-nawryzda-zhariyalanghan-konkwrstyng-aldyn-ala-qorytyndylary/
Сонымен қатар, бүгін тікелей эфирде ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың Facebook әлеуметтік парақшасында грант алушыларды іріктеу бойынша Сараптау комиссиясының іріктеу процесі өтті.
Аталған іс-шараға Орталық тәуелсіз байқаушыларды шақырды, олар сараптама комиссиясы мүшелерінің алдын ала құрамын қалыптастыру процесін бақылайтын болады.
Осы іс-шара барысында әрбір сарапшыға бірегей код беріледі. Бірегей кодтар бағыттар бойынша рандомайзерге енгізіледі, содан кейін сарапшылар кездейсоқ сандарды құру арқылы таңдалады.
Іс-шараның жазбасы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.facebook.com/watch/live/?v=465448638059197&ref=watch_permalink