Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Сараптау комиссиясының іріктеу процесі өтеді

Құрметті достар!
Ертең, 16 Сәуірде, тікелей эфирде ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында грант алушыларды іріктеу бойынша Сараптау комиссиясының іріктеу процесі өтеді.

Орталық аталған іс-шараға тәуелсіз бақылаушыларды шақырды. Олар сараптама комиссиясы мүшелерінің алдын ала құрамын қалыптастыру процесін бақылайтын болады.
Осы іс-шара барысында әрбір сарапшыға бірегей код беріледі. Бірегей кодтар бағыттар бойынша рандомайзерге енгізіледі, содан кейін сарапшылар кездейсоқ сандарды құру арқылы таңдалады.
Содан кейін сарапшылар әр бағыт бойынша кемінде 3 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.
Кодталған өтінімдерге бірегей код беріледі. Бірегей кодтар бағыттар бойынша рандомайзерге енгізіледі, содан кейін кездейсоқ сандарды генерациялау арқылы өтінімдер сарапшылар топтарына бөлінеді.
Іріктеуден өтпеген сарапшылар резервке алынады. Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда ауыстыру жүргізіледі.