Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Қоғам белсенділері жастар арасында суицидтің алдын алу мәселелерін талқылады.

Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау атласы» және «Жас адамның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатының индексі» әзірленеді, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Бұл туралы бүгін, 14 сәуірде «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қорының «Жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» республикалық жобасын іске қосуға арналған баспасөз-конференциясы барысында белгілі болды.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан БАЙМАНОВ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төраймыы Лима ДИАС, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева, жоба үйлестірушісі Айгүл БЕЙМІШЕВА, БАҚ және т. б. қатысты.
Жоба үйлестірушісі Айгүл Беймішева, Қазақстанда осы жобаны іске асыру аясында алғаш рет әрбір өңірдегі жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша нақты тәжірибені сипаттай отырып, «Қазақстан жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау атласы» және «жас адамның әлеуметтік-психологиялық әл-ауқат индексі»әзірленетінін айтты.
«Қазақстанның тең құқықтары мен мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева, Қор 2010 жылдан бастап қазақстандық жастар арасында суицидтік көңіл-күйді анықтауға қатысты түрлі социологиялық зерттеулер жүргізіп келе жатқанын және алдын алудың жалпыұлттық бағдарламасын құру ұсынылғанын хабарлады.
«Менің жас адамдарда суицидтің белгілерін анықтауға қатысты (10-нан астам жағдай!) жеке тәжірибем бар. Бұл жасөспірімдер үшін де, олардың отбасылары үшін де оңай тақырып емес екенін жақсы білемін», – деді Маргарита Өскембаева.
Іс-шара соңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, жобаны қорытындылау кезінде халықаралық ұйымдардың тәжірибесін, АҚДМ қызметін де ескеру, ал нәтижелерді өңірлерге тарату қажет екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, министрлікпен жыл сайынғы «Қазақстан жастары-2021» баяндамасын дайындау шеңберінде талдау деректері келтіріліп олардың негізінде қазақстандық жастардың ұжымдық портреті жасалады және осы жас тобындағы суицидтік көңіл-күйлер бойынша да ақпаратты қосуды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.