Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Қазақстанның төрт өңірінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталықтары іске қосылады

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу және шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын жандандыру мақсатында төрт өңірде (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары) пилоттық Сommunity орталықтары құрылатын болады, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықты дамыту моделін құруға бағытталады. Олардың базасында жергілікті жерлердегі сарапшылар (оффлайн және онлайн) жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) бойынша консультациялар береді. Яғни, жергілікті халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігі болады: жиналыстарды, жергілікті қоғамдастық жиындарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіру, ЖӨБ бойынша НҚА түсіндіру және басқа да мәселелер.

Орталықтар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» гранттық жобасы шеңберінде «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ күшімен іске қосылады.

Айта кету керек, бұл жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылады. Жоба барысында ұйымдастырушылар  жергілікті маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы құны 8 млн.теңгені  құрайтын (әр өңірге 1 млн. теңге) шағын гранттар конкурсын өткізеді.

Сондай-ақ, жобаны іске асыру шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған 8 өңірде (қала-ауыл) бір күндік 16 оқыту семинары ұйымдастырылады.Бұл семинарлар тұрғындар үшін қаржылық сауаттылық және азаматтардың жергілікті бюджеттерді басқару процесіне қатысу мүмкіндігі бойынша тақырыптық қолданбалы курстар циклі мен әлеуметтік жобалау және бастамашылық бюджеттеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту курстарын өткізу жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Гүлден Әубәкіроваға хабарласыңыз: gamo_aktau@mail.ru, camokz.05@gmail.com тел. / факс +7 (7292) 31 00 68; +7 778 838 68 75