Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Зәуре Розмат ханыммен екінші бейресми онлайн кездесу өткізеді

Ертең, 14 сәуірде «Fashion Girls in Business» жобасының қатысушылары Forbes Kazakhstan «30 under 30» рейтингісінің лауреаты Зәуре Розмат ханыммен екінші бейресми онлайн кездесу өткізеді. Жоба Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арасындағы әріптестік негізде іске асырылуда.
Forbes Kazakhstan «30 under 30» рейтингісінің лауреаты, The Steppe қазақстандық медиастартапының негізін қалаушы және Бас директоры Зауре Розмат жоба қатысушыларына Қазақстандағы әйел-кәсіпкер ретіндегі өзінің табысқа жету тарихымен бөліседі, сондай-ақ қатысушыларға кездесу қонағымен жеке әңгімелесіп, жаңа идеялар үшін мотивация алуға мүмкіндігі беріледі.
Еске сала кетейік, «Fashion Girls in Business» жобасының аясында Қазақстанның табысты әйелдерімен мотивациялық бейресми кездесулердің бірінші қонағы – танымал тележүргізуші және мультибрендті дүкендер желісінің иесі Динара Сатжан болған еді.