Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға 500 мың теңге бөлінеді

Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады. Әр жобаның құны 500 мың теңге.  Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды.

2 жоба одан әрі бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде.

Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасының таныстырылымы барысында белгілі болды. Іс-шараға азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас, Қазақстан Еріктілер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова, зооволонтерлер және жұртшылық  өкілдері қатысты.

Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет аталған жобаны жүзеге асыру зооволонтерлік бағытында және жануарлар құқығын қорғаудағы азаматтық бастамаларды дамытуда мультипликативті әсер беретініне сенім білдірді.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас өз сөзінде, жануарларға жауапкершілік пен адамгершілік тұрғысынан қарауды қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне назар аударды. «2021 жылы жобаға қатысты күтілетін маңызды оқиғалардың бірі – Нұр-сұлтан қаласының үйсіз және жоғалған жануарларға арналған ҚЫЗМЕТІН құру. Әрине, 2021 жылы жобаның нәтижесі мен жетістігі болып жануарлармен жұмыс істеу бойынша үздік тәжірибелер жинағын құру болмақ», – деп бөлісті Лима Диас.

«Қазақстан еріктілері лигасы» қоғамдық қоры жұмыстың басталғаны туралы хабарлады. Үйсіз және жоғалған жануарларға арналған қызмет, оның аясында жануарларға адамгершілік қатынасты қалыптастыру бойынша еріктілер оқытылады. Қазіргі уақытта 1 оқыту тренингі өткізілді, 3 жануарға арналған отбасылар табылды, қарқын алып келе жатқан жобаға күн сайын 30-дан астам еріктілер қосылуда. Сондай-ақ, Қор Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарын жобаға қосылуға шақырды. Іс-шаралар туралы ақпаратты жобаның әлеуметтік желілерінен табуға болады. Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданады. Жоба қорытындысы бойынша ел тұрғындарының барлық өтініштері мен тілектерін ескере отырып, халықтың жануарларға деген жауапкершілігін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірленіп, уәкілетті органдарға жіберілетін болады.

Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.