Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

45 үкіметтік емес ұйымынан жазбаша түрде –  43, электронды нұсқада – 17, барлығы 60 өтінім келіп түсті.

Кеше, 8 сәуір күні, биылғы жылдың 5 наурызында жарияланған ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар бойынша қайта жарияланған конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Келіп түскен деректерге сәйкес, 45 үкіметтік емес ұйымынан жазбаша түрде –  43, электронды нұсқада – 17, барлығы 60 өтінім келіп түсті.

Олардың 28-і Нұр – Сұлтан қаласынан, 18-і Алматы қаласынан, 3-і Шымкент қаласынан және Алматы облысынан, 2-і Ақмола және Павлодар облыстарынан. Атырау, Қостанай, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан үкіметтік емес ұйымдардан бір ғана өтінім жолданған.

Тақырыбы гранттар жоспарына сәйкес келмегендіктен үш өтінім қабылданбады. Бір өтінім кері қайтарылды.

Орталық келіп түскен өтінімдерді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген гранттар беру және олардың орындалу мониторингін жүзеге асыру қағидалары мен бекітілген гранттар жоспарына сәйкес қарастыру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, өтінімдер Орталыққа пошта арқылы келіп түсуде, сондықтан сандар өзектілінеді.