Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Республикалық жобаның басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, 8 сәуір күні сағат 11.00-де онлайн режимінде «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс істеу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру» республикалық жобасының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан БАЙМАНОВ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима ДИАС, «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ президенті Маргарита Ускембаева, жоба үйлестірушісі Татьяна РЕЗВУШКИНА, Алатау ауданы әйелдерді қорғау бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Әсия СЕРАЛИНА және басқалар қатысады.

Спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері, атап айтқанда:

– жоба аясында агрессорлардың қолынан зардап шеккен 700 әйел мен олардың балаларына психологиялық көмек қалай көрсетілетіні туралы;

– инспекторлар үшін агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу туралы;

– арнаулы қызметтердің бұрынғы өкілдерінің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны туралы;

– әйелдерді қорғау бөлімшесі қандай жағдайлармен айналысады?;

– зардап шеккендерге қалай әрекет ету керек және қайда жүгіну керек және т.б.

Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 20-дан астам дағдарыс орталығы ашылды. «ARASHA» баспана жұмысының мысалында («Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ әлеуметтік жобасы, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында жұмыс істейді), Қор қызметкерлері үй тирандарының қолынан зардап шеккен әйелдер мен балалардың тарихын жариялайды.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаражаты аясында жүзеге асырылады.

Іс-шараның трансляциясы https://www.facebook.com/myfamilykz «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ https://www.facebook.com/cisc.kz Facebook парақшаларында өтеді.