Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Динара Сатжан Қазақстанның сән индустриясындағы жұмыстың құпияларын ашты

2021 жылдың 6 сәуірінде «Fashion Girls in Business» жобасы аясында танымал журналист және бизнесвумен Динара Сатжан «тігін ісі» және «модельдеу» мамандықтарында білім алып жатқан қыздармен бейресми онлайн кездесу өткізді. Кездесудің модераторы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы Лима Диас болды.
Танымал тележүргізуші және мультибрендті дүкендер мен «Dinara Satzhan» брендінің иесі қатысушыларға өзінің бизнестегі жолы туралы айтып берді. Ол ең сәтті коллекцияларын өндіру туралы, идеядан бастап сатылымға дейінгі толық циклімен бөлісті.
Бизнесвумен өз сөзінде өнімнің қажеттілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде шығарылатын өнімнің жоғары сапасына атап өтті. Сондай-ақ, Динара Сатжан сән бизнесіндегі табысқа жетуде нарықты талдай білудің маңыздылығын және «өзінің» негізгі тұтынушыны анықтау туралы ақпаратпен бөлісті.
«Ең керемет идеялар жұмыс барысында туады, сондықтан іздеңіз, жұмыс жасаңыз, шабыт алыңыз және тоқтамаңыз», – деді Динара кездесу соңында. Өз кезегінде Басқарма төрайымы Лима Диас танымал тележүргізушіні 2021 жылдың 27 мамырына жоспарланған жобаның финалдық іс-шарасына шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара дизайнер-қыздардың Қазақстандағы табысты әйелдермен мотивациялық бейресми кездесулері сериясындағы бірінші болды.
«Fashion Girl In Business «жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің» Америкалық бұрыштар » бағдарламасымен серіктестікте іске асыруда.