Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі және АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы Қоғаммен байланыс бөлімінің гранттар бағдарламасы (PAS) шеңберінде қаржыландыруға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі және АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы Қоғаммен байланыс бөлімінің гранттар бағдарламасы (PAS) шеңберінде қаржыландыруға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

 

5 000 АҚШ долларынан 50 000 АҚШ долларына дейінгі гранттарға өтінімдерді келесідей басым салалар бойынша ұсынуға болады:

  1. Әлеуметтік желілерді, цифрлық БАҚ-ты тиімді пайдалану және медиа-сауаттылықты арттыру;
  2. Азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру;
  3. Американы Қазақстанмен бөлісу.

 

PAS ортақ құндылықтарды айқындау және екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын және жоғарыда көрсетілген басым салаларды қолдайтын жобалар бойынша өтінімдерді қабылдайды. Ұсынылған барлық бағдарламалар американдық мәдениеттің элементін немесе АҚШ-тың саясаты мен болашағын тереңірек түсінуге ықпал ететін американдық сарапшымен (- лармен), ұйыммен (- даррмен) немесе мекемемен (- лермен) байланысты қамтуы керек. Конкурстық өтінімдер бағдарлама аяқталғаннан кейін де АҚШ пен Қазақстан халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

 

Конкурсқа қазақстандық және американды ұйымдар қатысуға құқылы: коммерциялық емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары/үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары, ЖОО және жеке меншік оқу орындары. Грант алу процесіне қатысу үшін барлық ұйымдарда ұйымның бірегей сәйкестендіру нөмірі (Dun & Bradstreet деректерді нөмірлеудің әмбебап жүйесі / DUNS нөмірі), сондай-ақ www.SAM.gov сайтында жарамды тіркеу болуы тиіс.

 

Өтінім ұсынудың мерзімі: Ұсыну мерзімі: бірінші мерзім – 15 сәуір, 2021 ж; екінші мерзім – 15 шілде, 2021 ж.

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://kz.usembassy.gov/kk/grants-kk/nofo-aps-kk/