Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Жас қыздар өздерінің киім брендтерін жасады

Нұр-Сұлтан қаласында «Fashion Girlsin Business» жобасы аясында«Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникациялар» курсы бойынша тренингтердің бірінші топтамасы сәтті аяқталды.

«Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникациялар » курсының сабақтарында практикалық тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар логотиптер мен сайттарды жасаудан басқа, өз брендтерін таныстырды. Курс  тренері Әсел Қожақова «Shine», «Tyime», «inseason» сияқты жаңа креативті брендтер туралы

айтып және брендтерді жақсартуға арналған ұсыныстар берді. Бүгінде Әсел Қожақова Red Point Kazakhstan Маркетингтік коммуникациялар сервисінің негізін қалаушы және бас директоры болып табылады.кСоңғы екі сабақта 31 наурыз бен 1 сәуірде қатысушылар әлеуметтік желілер мен мақсатты аудиторияны терең зерттеп, әлеуетті клиенттің портретін дұрыс құрастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, курс тренері қатысушыларға байланыс түрлерін зерттеуге және брендтерін жылжыту үшін қызықты мазмұнды дайындауға көмектесті. Бұл үшін қатысушылар фото – және бейне материалдар жасау, бизнесті дамыту және т.б. маркетингтің пайдалы құралдарымен танысты, курс соңында жаттықтырушы Әсел Қожақова қыздарға өз брендтерін одан әрі дамыту үшін тілегін білдірді.

Келесі аптада «Green TAL» ЖШС әлеуметтік корпорациясының негізін қалаушы Эмин Аскеров «Кәсіпкерлік негіздері: бизнесті жоспарлау және сату» курсы бойынша оқытуды бастайды.

«Fashion Girlsin Business» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте іске асыратынын еске саламыз.