Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Динара Сатжан «Fashion Girlsin Business» жобасының қатысушыларымен алғашқы бейресми онлайн кездесу  өткізеді

6-шы сәуірде Динара Сатжан «Fashion Girlsin Business» жобасының қатысушыларымен алғашқы бейресми онлайн кездесу  өткізеді. Бұл Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бірлесіп әріптестік негізінде іске асырып жатқан жоба.

«Dinara Satzhan» брендінің иесі және тележүргізушісі Нұр-сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «тігін ісі» және «модельдеу» мамандықтары бойынша білім алушы жас қыздармен өзінің табысқа жету тарихымен бөліседі. Қыздар сән индустриясындағы сәтті кәсіпкерліктің факторы ретінде жеке бренд құру туралы көп нәрсе біледі. Олар бейресми жағдайда Динара Сатжанға сұрақ қоюға және сөйлесуге мүмкіндік алады.

Бұл кездесу Қазақстанның табысты әйелдері мен мотивациялық бейресми кездесулер сериясындағы бірінші кездесу болады. Мұндай кездесулердің мақсаты, жобаға қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейту және ынталандыру арқылы олардың экономикалық тәуелсіздік деңгейін арттыруға ықпал ету болып табылады.