Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Семинарлар жалғасуда

Достар, осы жылдың 18 мен 25 наурызында «Fashion Girls in Business» жобасы аясында, тренер Асель Кожакова тігін ісі, өндіріс және модельдеу бағдарламасында оқитын Нұрсылтан қаласының колледж студенттеріне, кәсіпкерлік негіздері тақырыбында – SМM-маркетинг, маркетингтегі коммуникация бағытындағы тренинг- семинар өткізді.
Бірінші сабақта Асель Кожакова маркетинг негіздері, 7П маркетингін, маркетингтік компанияны құруды түсіндірді, сонымен қатар жобаға қатысушы аудиторияны «постковидтік әлем – цифрлық әлем» ұғымымен таныстырды.
Екінші сабағында тренер «бренд» дегеніміз не?, бизнес атауын, лайфхактарды, қалай жасау керектігі туралы құпиялармен бөлісті және сайттар мен логотиптерді құруға арналған пайдалы қызметтерді қалай табуға болатынын айтты.
«Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Американдық бұрыштар» бағдарламасымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен серіктестікте жүзеге асырып жатқанын еске саламыз.