Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

26 наурызда Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жобаны жүзеге асыруға қатысты онлайн режимінде семинар-кеңес өтті.

Достар, біз сіздерді грант алушылардың жобаларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Мәселен, «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сарапшылық қоғамдастықтың, ҮЕҰ қатысуын кеңейту» жобасын «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ іске асырады.
Бүгін,
Жиында халықтың құқықтық сауатын арттыру арқылы жемқорлық көріністеріне төзбейтін көзқарас қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алуы мүмкін жемқорлық тәуекелдерін анықтап жою, үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілер дайындауға кірістіру мәселелері талқыланды.
Сарапшылық талқылауда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов, елорда әкмінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Л.Н. Гумелев ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қатысты, Жаңару РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты.
Оралбай Әбдікәрімов осы жылы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында қоғамдық сананы қалыптастыру бойынша грант иегері болғанын атап өтті. Ол елдегі сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін мұндай бастамалар көп болуы керек деп санайды.
Шараны ұйымдастырушылар бүгінгідей пікірталас алаңдарында айтылған ұсыныс-пікірлер негізінде арнайы әдістеме жасалып, Zoom алаңында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша онлайн конференция өткізілетінін айтады.