Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Онкологиялық және онкологиялық емес сырқаттың ауыр түрімен ауыратын балалардың аналарын әлеуметтендіру» атты әлеуметтік жобасы

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен 2020 жылғы 10 қараша мен 2021 жылғы 10 ақпан аралығында «International Fund «Global success of people» (Адмадардың елеулі жетістіктері)» қоғамдық қоры «Онкологиялық және онкологиялық емес сырқаттың ауыр түрімен ауыратын балалардың аналарын әлеуметтендіру» атты әлеуметтік жобасын іске асырды.
Жобаға қатысуға балалар хосписінде есепте тұрған балаларға қарайтын әйелдер шақырылды.
Жоба барысында Қордың күшімен ұлттық бұйымдар – сөмкелер, қоржындар тігу курстары ұйымдастырылды (әр бөлігі 30 минутқа созылады).
Аналардың үйде отырып табыс табуға деген көзқарастарының өзгеруі – жобаның негізгі нәтижесі болды (ұлттық бұйымдарды, перделерді, қарапайым киім-кешектерді, төсек-орындарды тігу) және т.б. Жоба соңында 4 әйел бұйымды тігуді аяқтады. Сөмке өндіруге жұмсалатын шығындар шамамен 10 000 теңгені (мата, төсем, флизелин, қаламдар, құлып) құрады; бұйымның нарықтық құны – 25 000 теңге.
Жобаға қатысушыларды, сондай-ақ басқа да ауыр сырқаты бар балалардың ата-аналарын қолдау, ынталандыру мақсатында бұйымдарды сату бойынша аукцион өткізілді.
Әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесі бола тұра, тіркеу кезеңінде қажеттіліктерді білуге қатысты сауалнама жүргізілді (сіз қандай тақырыптар бойынша білім алғыңыз келеді?).
Перде мен киім тігу, ұлттық бұйымдар мен төсек-орын тігу ең сұранысқа ие бұйымдар қатарында анықталды.
Сұранысқа сай аппликация элементтерімен перделерді тігу бойынша қосымша мастер-класс өткізілді. Бұндай мүмкіндіктер ауыр сырқатқа шалдыққан балалары бар отбасылардың табысын едәуір арттыратын болады.