Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы «әлеуметтік жобасы

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен 2020 жылдың 25 қыркүйегінен 2021 жылдың 25 маусымына дейін «Көңілді мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» Корпоративтік Қоры «Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы «әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Оның мақсаты – бар Алматы қаласының мүгедек жасөспірімдерін әлеуметтік оңалту және кәсіптік бағдарлау.
Жобаны іске асыру шеңберінде Қор оқытушылар құрамының қызметтері бойынша шығыстарды төлеу үшін, сондай-ақ маркетингтік шығыстарға арналған қаржыландыруды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, серіктестердің арқасында «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» корпоративтік қоры қатысушылар үшін сабақтар санын көбейтіп, оқыту модульдері бойынша курстарды әртараптандыруға мүмкіндік алды.
Жобаны іске асыру шеңберінде Қор «Басқаша ойла» креативті идеялар орталығының қызметін ұйымдастыру және оны одан әрі дамыту үшін «ITeachMe құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Жобаға шақырылған сарапшылармен бірлесіп, оқыту жоспары мен бағдарламасы дайындалды. Оқыту бағдарламасы үш модульден тұрады:
– «Дизайн-ойлау» (10 сабақ);
– «Уолт Дисней техникасы және Soft Skills » (10 сабақ);
– «Шығармашылық» (51 сабақ).
Үш рет жанасу қағидаты бойынша іріктеу арқылы жобаның 25 қатысушысы таңдалу үшін жобаға қатысушылардың тізімін қалыптастыру мақсатында Google нысаны құрылды, онда елдің 13 өңірінен әлеуетті қатысушылардан 70-тен астам өтінім ұсынылды.