Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

АҚШ Елшілігінің жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды

АҚШ Елшілігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғаммен байланыс бөлімі және Алматы қаласындағы бас консулдығы АҚШ Елшілігінің жыл сайынғы Шағын гранттар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Бір жобаны қаржыландыру сомасы 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі АҚШ долларын құрайды.

Ағымдағы жылы өтінімдер келесі тақырыптар бойынша қабылданады: адам саудасына қарсы іс-қимыл, ауа сапасы мәселелерін шешу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға жәрдемдесу. Тақырыпқа байланысты жобалардың мақсаты:
• Ықтимал құрбандар арасында хабардарлықты арттырып, қорғауды қамтамасыз ете алатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың әлеуетін нығайту арқылы Қазақстандағы адам саудасының ауқымын азайту;
• ластанудың себептері мен зиянды салдарын неғұрлым терең түсіндіру, сондай-ақ азаматтарға неғұрлым экологиялық таза баламалар ұсыну арқылы Қазақстандағы ауа сапасын жақсарту;
• хабардарлықты арттыру және зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстанда жаңартылатын және тұрақты энергия көздерін пайдалануға жәрдемдесу.

Бағдарламаның мақсаты: Аталған бағдарлама қазақстандық коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдарға және қауымдастықтарға (ҮЕҰ), коммерциялық емес азаматтық қоғам ұйымдарына (АҚҰ) және тәуелсіз жергілікті БАҚ-қа конкурстық негізде шағын гранттар беру арқылы қазақстандық демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның дамуын қолдайды.

Конкурстың шарттары: Қазақстанда тіркелген коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтық қоғам ұйымдарының/үкіметтік емес ұйымдардың қатысуға құқығы бар. Сондай-ақ, грант алу процесіне қатысу үшін барлық ұйымдарда ұйымның бірегей сәйкестендіру нөмірі (Dun & Bradstreet деректерді нөмірлеудің әмбебап жүйесі / DUNS нөмірі), сондай-ақ www.SAM.gov сайтында жарамды тіркеуі болуы тиіс. Жобаның ұзақтығы 24 айға дейінгі мерзімді құрайды.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуір (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 23:59 сағаты).

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://kz.usembassy.gov/kk/education-culture-kk/grants-kk/nofo-aps-kaz/small-grants-program-kz/