Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Сарапшылар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда

Құрметті достар!

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді бағалайтын сарапшылар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Тізім үкіметтік емес ұйымдар ұсынған (ҮЕҰ дерекқорына енгізілген), сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсынған сарапшылар қатарынан жасалынады.
Комиссияның әлеуетті мүшесінің мемлекеттік қызметте ҮЕҰ-ның бір немесе бірнеше бағыты бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Бұдан басқа, бөлінетін мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша сарапшыдан кәсіби білімінің болуы талап етіледі. Немесе сараптама жүргізудің, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бағалау жөніндегі комиссияларға қатысудың кемінде екі жылдық тәжірибесі болуы тиіс.
Кандидатуралар тізбесі expert@cisc.kz электрондық мекенжайға үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған ресми хатпен жолданылуы тиіс.
Сарапшылар тізіліміне кіру туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/2021/02/02/15006/ сілтеме бойынша біле аласыз.